Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тәрбиесі – жауапты іс

Бала тәрбиесі – жауапты іс

Бала тәрбиесі - бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы.
Алайда, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын ата-аналар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған азамат Ө-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ө. 2004 жылы 8 қарашада туған кәмелетке толмаған баласы М-ға қатысты тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін орындамауы салдарынан, кәмелетке толмаған баласының автокөлікті басқару құжатынсыз басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат Ө. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 42 882 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері аудандық сотта осы тектес 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, олардың барлығы бойынша әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
23 тамыз 2022 ж. 310 0