Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған

Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, азамат А. кәмелетке толмаған баласының басқару құжатынсыз көлік басқаруына болмайтынын біле тұра,  автокөлік басқаруына рұқсат беріп, кәмелетке толмаған адамның әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына жол берген, яғни кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін атқармаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 42 882 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері аудандық сотта осы тектес 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, олардың барлығы бойынша әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
15 ақпан 2022 ж. 571 0