Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
8 ақпаннан бастап Ақмола облысындағы, солтүстіктегі, солтүстік-батыстағы және елдің оңтүстігіндегі атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райына ықпал етеді. Сондықтан аздаған қармен бірге бұрқасын болады, ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр.
"Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы кезең-кезеңмен төмендейді, батыста түнде 10-15°C, солтүстік-батыста 17-25°C, солтүстікте, орталықта 17-28°C, шығыс аймақтарында 18-35°C дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай