Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өмірім өзгерді»: Илья Ильин мәңгілік махаббатын қалай тапқанын айтты

«Өмірім өзгерді»: Илья Ильин мәңгілік махаббатын қалай тапқанын айтты

2016 жыл мен үшін ауыр жыл болды.

Танымал спортшы, ауыр атлет Илья Ильин өмірлік махаббаты Татьянаны қалай жолықтырғанын баяндап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Фитнес залда жаттығып жүрген кезімізде бір-бірімізді үнемі көретінбіз. Амандасамыз да өтіп кетеміз. Бірақ екеуміз де танысқанымызды ұмытып кетеміз де, көрген сайын Илья, Татьяна деп қайтадан танысамыз. Сондай күндердің бірінде сөйлесіп кеттік», - дейді спортшының әйелі.

Спортшы қазір әлеуметтік желіде өте белсенді. Оған себеп қазіргі әйелімен жолығуы болған екен.

«2016 жыл мен үшін ауыр жыл болды. 2020 жылы спорттағы мансабымды аяқтадым. Ол да оңай процесс емес. Сөйтіп біртіндеп ес жиып, қалыпқа келе бастадым. 2022 жылы өмірімде «сүйікті әйел» пайда болды. Өмірім өзгерді. Мен қазір бақыттымын», - дейді Илья Ильин.

Ақпарат көзі: sn.kz
Фото: sn.kz
06 ақпан 2025 ж. 28 0