Несие нарығындағы негізгі үрдістер
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1738909055_2.jpg)
«Бұл ұсыныс әзірге талқыланып жатыр. Қашан қабылданатыны да белгісіз. Қаржы ұйымдарына мұндай шешім ұнай қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мәселені реттеуші орындар бақылап отыруға тиіс», дейді Руслан Омаров.
Оның сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы несие портфеліндегі шағын несие ұйымдарының несие үлесі 36%-ға азайып, 89,2 млрд теңгені құрады. Бұған Ұлттық банктің кейбір ойыншылардың лицензиясын тоқтата тұруы немесе лицензиясын алып қоюы тәрізді қатаң шаралары әсер еткен. 2024 жылдың ІІ жартысында нарықта микронесие ұсынатын ойыншылар саны 23%-ға азайған. Кей компаниялар бір жыл ішінде лицензиясынан айырылған, ал кейбірін компания өзі қайтарып берген.
«Бұл – Ұлттық банктің шағын несиені шектеу саясатының нәтижесі. Себебі бұл – азаматтар үшін қымбат өнім түрі. Бірақ реттеуші шағын несиелерді азайту саясатын жүргізіп жатыр», дейді Р.Омаров.
Сондай-ақ сарапшы осы жылдың 1 қаңтарына аталған өнім бойынша портфель 89,2 млрд теңгені құрағанын, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 36%-ға аз екенін атап өтті. Келісімшарттар саны 1,2 млн бірлікке дейін (-34%), қарыз алушылар саны бойынша 652,4 мың адамға дейін (-20,9%) дейін төмендеген.
Ипотекалық портфель жыл басында 6,7 трлн теңгеге (+14,1%) жетті. Тұрғын үй несиесін ресімдегендер саны 600 мың адамға дейін (+10,3%), келісімшарт саны 627,6 мың бірлікке дейін (+ 9,9%) өсті. Бұл ретте қоржынның 60%-ға жуығы 2023–2024 жылдардағы жаңа қарыздарға тиесілі.
Былтыр автонесие портфелі 44,8%-ға, 3,6 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ретте 2023 жылы қарқын неғұрлым жоғары болды (+ 64,8%). Автонесие алғандар саны – 559,2 мың адам. Орта есеппен тұтынушылар 8 млн теңгеге көлік алады. Автонесиені ең көп беретін – екінші деңгейлі банктер (70% – 1,2 трлн тг), екінші орында – МҚҰ (29,4% – 534 млрд теңге).
Руслан Омаровтың айтуынша, халық қаржы жағынан сауатты болмаса, мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдердің өзі нәтиже бермейді.
Қаржылық сауатты несие алумен байланыстырудың қажеті жоқ. Несие дегеніміз жай ғана қаржы құралы. Несие – қаржысын үйлестіре алатын адамдардың қолындағы жақсы құрал. Жүктемені есептеп, тәуекелдерді өлшейтін адам несиелер есебінен миллиондаған кіріс таба алады», дейді Р.Омаров.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: Нұрболат Нұржаубай