Кадр тұрақтылығы
Кадрлардың тұрақтылығы мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру бағытындағы шараларды қабылдау бойынша ауданымызда тыңығылықты жұмыстар атқарылуда.
Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Өңірлік кадр резервіне өткізілген іріктеудің нәтижесімен Арал ауданынан Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне 1 резервші алынды.
Өңірімізде конкурстық іріктеусіз қызметке қабылданған жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен үздік бітірген түлектердің саны да артып келеді.
Мысалы, «GPA» көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижесімен 2024 жылы мемлекеттік грантпен жоғары оқу орынын үздік бітірген 1 жас түлек Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының бас маман бос лауазымына конкурстан тыс тағайындалған болса, 2023 жылғы конкурстан тыс 1 түлек тағайындалған болатын.
2024 жылы ауданымызда мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілер саны 2 болса, 2023 жылы 2 болған.
2024 жылы аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар бойынша барлығы 36 қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен болса, 2023 жылы 52 қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Мемлекеттік органдағы тұрақтылық пен жұмыс сапасына әсер ететін проблемалық мәселелердің бірі кадрлардың таза алмасуы. 2023 жыл бойынша мемлекеттік қызметшілердің таза ауысуы 5 бірлікке жетіп, ауысу үлесі 2,9 %-ды құраса, 2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің таза ауысуы 3 бірлікті құрап, ауысу үлесі 1,7 %-ға тұрақтады.
2024 жылы 17 конкурсқа хабарландыру жарияланып, оған 18 үміткер құжат тапсырған. Конкурс нәтижесімен 17 үміткер бос және 1 үміткер уақытша бос лауазымдарға қабылданса, 2023 жылы 23 конкурсқа хабарландыру жарияланып, оған 23 үміткер құжат тапсырған. Конкурс нәтижесімен 23 үміткер бос және 1 үміткер уақытша бос лауазымдарға қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 2023 жылдың нәтижесімен 63 жеке қабылдаулар өткізілсе, 2024 жылы 37 жеке консультациялық көмек берілді.
Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл
Фото: Нұрболат Нұржаубай