Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс

Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс

Бүгінде аймағымыздағымемлекеттік қызметшілердің штат саны 3348 бірлікті құраса,қазіргі таңда 3317 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны 31 бірлікті құрайды.
Кадрлардың тұрақтылығы мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру бағытындағы шараларды қабылдау бойынша өңіріміз республикада көш басында.
Жыл басынанбері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру мақсатында өңірімізде барлығы 558 конкурс (оның ішінде273 ішкі конкурс,
285 жалпы конкурс)
өткізіліп, нәтижесінде 384 (оның ішінде146 ішкі конкурс,
238 жалпы конкурс)
үміткер бос лауазымдарға қабылданған.
Өткізілген конкурстардың ішінде 174 конкурстың 141-де ешқандай үміткерлер қатыспағандықтан, 10-да қатысқан үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен, 18-де үміткерлердің конкурстық комиссияның оң шешімін алмағандықтан, 5-де конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің ұсынылған лауазымға орналасудан өз еріктерімен бас тартуы себепті өткізілмеген.
Елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы
2016 жылы мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарғатағайындалған қызметшілердің үлесі аймақтағы жергілікті атқарушы органдарда небәрі 59,6 %-ды ғана құраған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 73,3 пайызға жетіп отыр.
Оның ішінде, Қызылорда облысы әкімі аппараты мен жергілікті басқармалар бойынша жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі77,4%-ды құраса, Сырдария ауданының әкімдігінде 71,4%, Арал ауданының әкімдігінде 60%.
Бүгінгі күнге дейін, меритократия қағидаттарына сәйкесмансаптық өсу жолымен С.Бекішев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы лауазымынан аталған бөлімнің басшысы лауазымына,Т.Нәдірбек облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы лауазымынан аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымына, Б.Шәріпбеков Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына, М.Усаин облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан аталған басқарманың басшысы лауазымынаішкі конкурстар арқылы тағайындалған.

Бақытжан Нұралы,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
12 қараша 2024 ж. 53 0