Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметке қабылдауға жаңа өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік қызметке қабылдауға жаңа өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдер жеңілдетілді. Атап айтқанда, конкурстық іріктеу 3 кезеңнен 2-ге қысқартылды. Яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Нұрман Талқанбаев мәлімдеді.
«Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазір бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві таратылады»,-деді Нұрман Бақбергенұлы.
Бұған қоса, өңірде меритократия қағидаты іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мәселен, жыл басынан бері ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 123 үміткердің
89-ы, яғни 72,4 пайызы жоғары лауазымға тағайындалды.
Брифингте департамент басшысы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ендігі кезекте кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көру мүмкіндігі жасалды.
kyzylorda-news.kz
12 тамыз 2020 ж. 589 0