Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Брифингте мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Брифингте мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметтен бағалау, сынақ мерзімінің нәтижесі мен аттестаудың қорытындысы және теріс себептермен босатылған азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметке қайта қабылданған тұлғаларға алдағы уақытта сынақ мерзімі белгіленбейді.Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Брифингте Департамент басшысы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
«Осы кезге дейін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері, кеңесшілері және баспасөз хатшылары лауазымдарына тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалаудан өтпей-ақ қызметке қабылданып, ары қарай қызмет бойынша ілгерілеу кедергісіз жүзеге асырыла беретін. Бұдан былай аталған лауазымдағылар мансаптық ілгерілеу үшін міндетті түрде тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі тиіс», - деді Н.Талқанбаев.
Сондай-ақ, конкурс кезеңдері қосымша кезеңмен толықтырылған. Ендігі кезекте мәдениет, дене шынықтыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік органдардың басшысы лауазымына үміткерлерге конкурстың әңгімелесу кезеңінің алдында тиісті орталық атқарушы органдардан келісім алынады.
Заңға енгізілген бірқатар түзетулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қарамағындағы қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылақтардың алдын алу бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған басшылардың жауапкершілігі енгізілді.
Тағы бір өзгеріс әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жоғарылауына тыйым салынды.
Департамент басшысы Н.Талқанбаев брифингті қорытындылай келе «Заңда қамтылған түзетулерге сәйкес, егер негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген мемлекеттік қызметші конкурс өткізілместен, жұмысын тұрақты негізде жалғастыра алады. Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам уақытша бос мемлекеттік лауазымға қабылданған адамды тұрақты негізде мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады», - деді.
Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті
12 желтоқсан 2019 ж. 629 0