Қызылорда облысы бойынша 2022 жылдың 9 айындағы кадрлардың жай-күйі

Осы аталған мемлекеттік органдардың штат саны 1761 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты 1713 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды.
Қазіргі таңдағы нақты жұмыс жасайтын 1713 мемлекеттік қызметшінің 13-і саяси және 1-і «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болса, қалған 1699-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері.
Мемлекеттік қызметтегі 649 нәзік жанды мемлекеттік қызметшінің 154-і түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарды атқарады. Оның ішінде 1-і басқарма басшысы, 8-і басқарма басшысының орынбасары, 1-і қала әкімінің орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 11-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары.
Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 173-і 29 жасқа дейінгі жастар болса, оның 41-облыстық, 64-і қалалық және аудандық, 68-і ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің арасындағы өзге ұлт өкілдерінің саны 6, оның 3-і орыс,1-і татар, 1-і ұйғыр, 1-і корей ұлтының өкілдері.
Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 1636-ы
немесе 95,6%-ы жоғары білімді.
Сонымен қатар, өңірімізде 12 ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және 3 «Болашақ» бағдарламасының түлектері түрлі лауазымдарда жұмыс жасайды.
Жыл басынан бері мемлекеттік органдардан 47 қызметші немесе 2,6% өз өтінішіне сәйкес мемлекеттік қызметтен кеткен.
Ағымдағы жыл көлемінде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар бойынша барлығы 585 қызметшінің білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланған болса, қазіргі таңда қайта даярлаудан - 52(жылдық жоспар - 75 (69,3%), біліктілігін арттыру курстарынан - 400(жылдық жоспар - 510 (78,4%) мемлекеттік қызметші өткізілді.
Сынақ мерзімін тағайындау мәселесіне тоқтар болсақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 56
тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп, оның ішінде 42 тұлғаға тәлімгерлер бекітілген.
Жыл басынан бері бос лауазымдарға орналасуға 246 конкурстар өткізілді. Оның 118-і ішкі, 128-і жалпы конкурстар болып табылады.
Өткізілген конкурстарға 383(76-ішкі конкурс,307- жалпы конкурс) адам қатысып, нәтижесінде 180(67-ішкі конкурс, 113-жалпы конкурс) үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 67 үміткердің 54-і немесе 80,5%-ы мансаптық өсу жолымен жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Осы өткізілген конкурстардың барлығы қоғамдық байқаушылардың қатысуымен өткен.
Қоғамдық байқаушылардың 4,2%-ы жергілікті мәслихат депутаттары, 5,6%-ы БАҚ өкілдері, 3,1%-ы ҮЕҰ өкілдері, 1,4%-ы саяси партия өкілдері, 10,4%-ы басқа мемлекеттік органдардың, 60,1 %-ы – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдеріжәне 15,2%-ы он сегіз жасқа толған еліміздіңазаматтары болып келеді.
Есепті мерзімде персоналды басқарудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік органдарда жүйеге енгізілген 12 286 құжаттың 12 263-і немесе 99,8% автоматты режимде енгізілген және бір әкімшілік қызметкер үшін автоматты режимдегі құжаттардың орташа саны 6,83 құжатты құрап отыр.
Жазира Айғараева – Қызылорда облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы