"Тальго" пойыздарына 1,3 мың бейнебақылау камерасы орнатылды

Олар пойыз ішіндегі жағдайды үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл шара оқыс оқиғалардың алдын алуға, билетсіз жолаушыны анықтауға және кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етуге көмектеседі.
Бейнебақылау жүйесінің ақпараты ситуациялық орталықтағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді.
Қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушы барлық вагонды бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға дайындалып жатыр.
Фото: baq.kz