Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақзира Қасымова: Биыл 35 мектеп бейнебақылау жүйесімен жабдықталды

Ақзира Қасымова: Биыл 35 мектеп бейнебақылау жүйесімен жабдықталды

Қызылорда облысындағы барлық мектеп бейнебақылау камераларымен қамтылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлады.
Қызылорда облысында 304 мектеп бар. Оның 10-ы жеке мектеп. Қазіргі таңда аймақтағы мектептер толығымен бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 2021 жылы 35 мектеп бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, жедел басқару орталығына қосылады.
«Облыстағы 110 мектепте ювеналды полиция қызметкері жұмыс атқарады. Барлық білім беру  ұйымдарында 882 қарауыл жұмыс жасайды. Облыс орталығындағы 42 білім беру ұйымдарында турникет, мамандандырылған күзет және дабыл түймелерімен қамту шаралары жүзеге асырылуда», – дейді Ақзира Қасымова.
Айта кетейік, қазіргі күні облыста 29 843 педагог бар. Мұғалімдер арасында вакцина қабылдау 95,7 пайызға орындалып отыр. Яғни, 28 585 педагог екпе қабылдаған.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы 10885 техникалық қызметкер 100 пайыз вакцина салдырды.

kyzylorda-news.kz
06 тамыз 2021 ж. 349 0