Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 58 мектеп жан басына қаржыландыру тәртібіне өтті

Қызылордада 58 мектеп жан басына қаржыландыру тәртібіне өтті

Жаңа оқу жылында Сыр еліндегі 58 мектеп жан басына қаржыландыру тәртібі бойынша жұмысты бастап кетті. Яғни әрбір мектепке бала санына қаржы бөлінеді. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
«1 қыркүйектен бастап, Арал ауданынан – 9 мектеп, Қазалыдан – 3, Байқоңыр қаласынан – 5, Қызылорда қаласынан – 41, барлығы 58 қалалық мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуде. Бұл қаржыландырудың жаңа талабы мектеп арасында өзара бәсекелестік туындатып, материалдық базаны нығайтуға жұмсалатын қаржыны, бала санына сәйкес біркелкі бөлінуіне ықпал жасайтын болады»,-деді Ақзира Қасымова.
Бала санына қарай қаржы бөліну тетігі директорлардың жұмысын жаңа деңгейге шығарады. Бұл ретте мектеп басшысы жаңа білім беру мазмұнын дамытудың жолдарына қарай жұмысты үйлестіріп, оқушылардың жетістігі мен мұғалімдерді қолдау бағытын күшейтеді.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында балаларға патриоттық тәрбие беруде «Құңдылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіліледі. Сонымен бірге 53 мектепке факультатив негізінде домбыры сағаттары бөлінеді.
kyzylorda-news.kz/
07 қыркүйек 2020 ж. 665 0