Қызылорда облысындағы мектептер қашықтан білім беруге дайын ба?

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді
«Облыстағы 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқытылады. Қашықтан оқыту BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі. 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы 3141 топта дәстүрлі оқиды. Шалғай орналасқан елді-мекендегі 71 мектептен 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. 25 елді мекендегі 2187 оқушы дәстүрлі түрде оқиды. 2020-2021 оқу жылында облыстағы 30 колледжде қашықтан оқыту жүйесінде білім беру жүзеге асырылатын болады ,-деді Ақзира Бақтыбайқызы
Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы жылғы акцияның мақсаты – әлжуаз отбасынан шыққан балаларды электронды құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету.