Былтыр қанша сәби дүниеге келді?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның 2024 жылдағы демографиялық ахуалы туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды, оның ішінде қала тұрғындары - 12 774 743, ауыл тұрғындары - 7 511 341 адам. Халық саны бір жылда 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға өскен.
Қанша сәби дүниеге келді?
12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келген, оның ішінде ұлдар - 190 213, қыздар - 178 457. Туудың ең жоғары деңгейі:
Түркістан облысы (1000 тұрғынға 25,05 адам),
Маңғыстау облысы (24,47),
Шымкентте (23,68) байқалды.
Өлім-жітім статистикасы
Бұл уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас ерекшелігіне байланысты.
Алдын ала мәлімет бойынша былтыр 123 651 неке және 40 647 ажырасу жағдайы тіркелген.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамға жетсе, елден 12 784 адам кеткен.
2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 47,6 пайызға артты.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай