Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Cиноптиктер мәліметінше, елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа райына бұрынғыдай солтүстік циклон әсер етеді, оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондықтан қар жауып, боран соғады.
"14 ақпанда Қызылорда, 14-15 ақпанда Түркістан, 15 ақпанда Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысында қалың қар, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ құбылыстары болжанады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, бүкіл республика бойынша жел соғып, тұман түседі.
Ауа температурасы тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер болжанбайды.
Фото: Нұрболат Нұржаубай