Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 18 ақпанға арналған ауа райы

18 ақпанға арналған ауа райы

  baq.kz 18 ақпанда республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 
Елдің солтүстік бөлігінде қар күтіледі, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасынмен күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
18 ақпан 2020 ж. 743 0