Тәттіқұмарлықтан қалай арылуға болады? Дәрігер кеңесі
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739424502_16.jpg)
Маман тәттіден бас тарта алмай жүргендерге ең оңай лайфхактарды айтты.
"Тәттіге деген құштарлық - бұл жай ғана әдет емес, бұл дофаминнің бөлінуімен байланысты нағыз тәуелділік. Қанттан кенет бас тарту ағза ауыр тиеді. Сол үшін оны біртіндеп азайтқан дұрыс: диетадағы тәттілердің мөлшерін азайтып, оларды жемістермен, жаңғақтармен немесе табиғи дәмдеуіштермен ауыстырыңыз", - деп түсіндірді дәрігер.
Тәттілерден бас тартудың тиімді жолдары:
Қант мөлшерін біртіндеп азайту;
Оларды жеміс-жидек, жаңғақ немесе табиғи тәттілендіргіштермен алмастыру;
Стрессті басқару, өйткені күйзеліс кезінде адам тәттіге көбірек әуес болады.
Дәрігер тәттілерді шамадан тыс тұтыну ұйқы безіне зиян келтіретінін, организмнің инсулинді артық бөлуіне әкелетінін ескертті.
Фото: ru.freepik.com