Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер аптап ыстықта қалай дұрыс тамақтану керек екенін айтты

Дәрігер аптап ыстықта қалай дұрыс тамақтану керек екенін айтты

Медицина ғылымдарының докторы, терапевт Светлана Каневская аптап ыстықта қалай дұрыс тамақтану керек екенін жеткізді. Айтуынша жазда адамның ішкі ағзасында да тамақтануына байланысты жылу бөлінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, жазда ең бірінші қатты майлы тағамнан бас тарту қажет. Себебі тағамды қорыту процесінде ішкі жылу энергиясы бөлінеді. Ал ауыр тамақты қорыту кезінде бұл ағзаға тағы бір соққы болып тиеді. Сырттағы ыстық пен мен ауыр тамақтан кейінгі ағзадағы жылу денсаулыққа қауіп төндіреді. Одан бөлек майлы тағамдар тез шаршауға әсер етеді.

"Оның орнына шырынды жемістер мен көкөністерді тұтыныңыз. Олар сұйықтықты, дәрумендерді, микроэлементтерді және антиоксиданттарды толықтырудың жақсы көзі. Жидек, қияр, қызанақ, болгар бұрышын және балдыркөкті көбірек жеңіз", — деді Каневская.

Дәрігер ыстық кезде кофеинді сусындарды тұтынуды шектеу керек екенін алға тартты. Ол ағзаны шөлдетеді. Ал ағзада жеткілікті сұйықтық жоғалса, қан қоюланып кетеді. Яғни бұл қанның ұйю қаупін арттырады.

“Күні бойы салқын тағамдар мен сусындарды ішу ішкі ағзаны салқындатады. Алайда дененің жылуы қайта пайда болады. Бұл энергияны алатындықтан тез шаршауға әкеліп соғады. Мұндай жағдайда желке мен каротид артериялары тұсына салқын компресс қолданған дұрыс”, – деп қосты дәрігер.

Терапевт ыстықта суды дұрыс ішу маңызды екенін түсіндірді. Шөлдеген кезде ең дұрыс әрі керемет таңдау қант пен қоспаларсыз қарапайым су. Алайда суды да шамадан тыс ішуге болматынын қоса кетті.

“Ағзадағы судың жеткілікті нормада екенін зәрдің түсі арқылы анықтауға болады. Егер ол лимон шырынының түсі секілді сары болса, денеде су жеткілікті деген сөз. Ал ақшыл, бозғылт болса, демек ағза судың жеткілікті мөлшерін қабылдамайды", — деп түсіндірді Каневская.

Сурет: ашық дереккөз 
05 шілде 2024 ж. 158 0