Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыстықта қалай тамақтану керек?

Ыстықта қалай тамақтану керек?

Жазғы ыстықта тамаққа тәбетіміз соқпай жатады. Алайда, аптап ыстықта ас-ауқатқа аса мән беру керек. Жаз айларында қалай дұрыс тамақтану керек?
Күн ыстықта ағзадағы қышқылдық-сілтілік баланс бұзылады. Сондықтан, бұл уақытта адам аз, алайда жиі тамақтануы керек.
Дәрігерлердің айтуынша, ауа температурасы жоғарылаған сайын организмдегі қышқылдың үлесі арта түседі. Сондықтан жаз айларында сүт өнімдерін көбірек тұтынған дұрыс.
Сондай-ақ, көкөніс пен жеміс-жидектерді күнделікті тұтынған абзал. Жаз айында адам барлық дәрумендерді қабылдай алады. Және осы мезгілде аталған өнімдердің барлығы қолжетімді әрі табиғи, балғын болады.
Жаздың күндері аз-аздап, күніне 4-5 мәрте тамақтану қажет.
Күніне 2-2,5 литр су ішу керек. Кешкісін денеңіз ісініп кетпес үшін суды түске дейін ішкен жөн.

kyzylorda-news.kz
06 маусым 2021 ж. 335 0