Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемде иммунитетті қалай көтеруге болады?

Көктемде иммунитетті қалай көтеруге болады?

Көктем келісімен елді жылылығымен қуантады. Алайда, осы кезде ағза әлсіреп, қалжырайды. Тамаққа тәбет тартпай, ұйқы қанбай, адамның бойын мазасыздық билейді. Ештемеге зауқы соқпай, белсенділігі де төмендейді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ешқандай аурудың белгісі емес, иммунитеттің төмендеуінен екен.Ал иммунитет төмендегенде ағза кез-келген ауруды қабылдағыш келеді. Сондықтан иммунитетті көтеру үшін отбасылық дәрігер Жанар Қарабаева витамин ішудің өзі аздық ететінін түсіндірді.
– Көктемде иммунитетті көтермес бұрын, ең алдымен, оның неге түсетінін анықтауымыз керек. Қыстыгүні түн ұзарып, күннің қысқа болатыны белгілі. Соған қарай адамда қимыл-қозғалыс белсендігі азаяды. Ондай кезде адам ағзасындағы қан айналымы төмендейді. Осындай қалыпта жүргенде, аяқасты қыстың суығынан көктемнің жылылығына өткенді организм көтере алмайды. Соның салдарынан адамда ұйқысыздық, әлсіздік, шаршау, терінің құрғауы мен тырнақтың сынғыштығы секілді белгілері пайда болады. Міне, осы кезде иммунитетті көтеру керек.
Ал ол үшін, ең алдымен, дұрыс тамақтану керек. Күнделікті рацион ет пен балық тағамдары, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектерден тұруы тиіс. Халықтың басым көпшілігінде дәрумен жетіспей жатады. Мысалы, Д дәрумені жетіспесе адам бойында ұйқышылдық пен әлсіздік пайда болады. Сондықтан әркім өзіне қажетті витаминдерді ішіп, спортпен айналысуы тиіс. Дәрумендерді ғана ішіп, дұрыс тамақтанбау не болмаса құнарлы тамақтана отырып, денешынықтырумен айналыспай қоюға тағы болмайды. Әрбір жан өз денсаулығымен толыққанды айналысуы тиіс. Сонда ғана оның иммундық жүйесін нығайып, саулығы арта түседі, – дейді ол.

aikyn.kz
25 наурыз 2021 ж. 1 118 0