Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесіндегі ТЖД қызметкерлері

МӘМС жүйесіндегі ТЖД қызметкерлері

ТЖД қызметкерлерінің табысынан МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар төлене ме, оларға медициналық көмек қалай көрсетіледі? Осы және өзге де сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесу барысында жауап берді.
Қор филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салтықовтың айтуынша, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылды. Бұл «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабының 7-тармағында бекітілген.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде әскери қызметшілердің мәліметтерін «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне ЖСН көрсете отырып енгізілген әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері есебінен алады. Олар бойынша деректерді әскери бөлімдердің, әскери басқару органдарының қызметкерлері енгізеді. Қор жүйесінде әскери қызметшінің ЖСН-ы шыққан соң ол автоматты түрде сақтандырылған мәртебесін алады және жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады», – деді Ғалымжан Салықов.
Кездесу барысында Қор филиалының өкілдері ТЖД қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, МӘМС жүйесіндегі құқықтарын түсіндірді.
17 ақпан 2025 ж. 41 0