Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18, 19, 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Бүкіл республика бойынша көктайғақ болып, жел күшейіп, тұман түседі. Ауа температурасы күрт өзгермейді.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады.

17 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанатыны айтылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

18 ақпан 2025 ж. 65 0