23 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 23 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.Болжамға сүйенсек, циклондар легінің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды деп болжануда. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төменгі құрлықпен, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай










