Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр саңлағын асқақтатқан мүшәйра

Сыр саңлағын асқақтатқан мүшәйра

Поэзия – ізгіліктің символы. Поэзия – асқақ рухтың дауылпазы. Өмір-өзеннің ағысында аз ғұмыр сүрсе де, азаматтың арынын танытқан саңылақтардың әрбір сәті, болмыс- бітімі өлең тілінде өрнекттелуге сұранып тұрады. Арқалы да рухты тұлғаның ірілік, даралық келбеті ұрпақтар жадынан орын алып, өмірге құштарлықтың ерен үлгісін көрсетіп тұрады –ақ.
Сыр саңлағы атанған талантты жас журналист Сахитжан Бердімағанбетов ел-жұрт есінде мәңгілікке жалынды жастықтың жарқын бейнесіболып қалғаны ақиқат. Ол шыншылдықтық пен батылдықтың, ұтқыр ой мен кәсіби біліктіліктің үлгісі ретінде үлкен құрметке ие болып қалды. « Қызылорда-Қазақстан»телеарнасында редактор болып қызмет еткен кезінде «Түйсін» ақпаратты –сараптамалық бағдарламасын жүргізді. Бұл бағдарлама дарынды жас Сахитжанның өзекті мәселелерін көтеріп, билік пен бұхара арасындағы көпір бола білді. Жұртшылық Сахитжанның телеарнадағы әр сөзін үлкен құштарлықпен тыңдайтын. 2007 жылы ол Қызылода облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі болып тағайындалды. Елге аяусыз қызмет етуді мақсат тұтқан жас журналисттің алар биігі көп еді, алайда тікұшақ апатынан мезгілсіз көз жұмды. Алайда оның батылдығы, шындық үшін күресі, ұлтқа деген сүйіспеншілігі ел есінде мәңгілікке қалды.
Арал аудандық мәдениет үйінің ұйымастырумен жалынды журналист Сахитжан Бердімағанбетовті еске алуға арналған» Аққан жұлдыз» атты егде жастағылар арасындағы аудандық жазба ақындар мүшәрасы өткізілді. Талаптарын үкіметі келген арқалы ақындар мүшәйраның бірінші кезеңінде Сахитжан Бердімағанбетовтің жүректерінде ұялаған асыл бейнесін сөзбен сомдады. Қас таланттың турашыл ақиқатшыл тұлғасын сан қырынан алғаусыз танытуға ұмтылысты кордік. Қарақұмнан түлеп ұшқан мұзбалақ қыранның бүкіл Сыр елінің биікке самғаған сұңқарлық дидарын көрсетті.  Мүшәраның екінші кезеңі туған жеріміз – Арал тақырыбына арналды. Ақындар жүрегінде атамекенге деген мақтаныш сезімі көрермендер  жүрегіне жол тауып жатты.
Сырлы сахнада поэзия толқыны бірінен-бірі асып түскісі келіп жатты. Алайда өрелі өлеңімен дараланған, өз туындысын заңғар даусымен келістіре оқыған Қаратереңдік ұстаз Айдар Әлишаев бас жүлдені иеленді. Ал шалғайдағы Құланды ауылынан келген мектеп мұғалімі Айымгүл Дәулетова да сөз өнеріне таласы бар екендігі ойлы да мұңлы өлеуімен қапысыз танытып бірінші орынға көтерілді. Ал өлең мен өнер –өмірім деп жүрген жергілікті ақындар Қайрат Есқуатов ( Тоқабай ауылы) мен Мейрамгүл Көздіпекті) мен мен (Аманөткел ауылы) екінші орынды, Жанар Маханбетова (Жақсықылыш кенті) мен Мейрамкүл Алиева үшінші орынды, өзара бөлісті. Жеке төрт ақын  ынталандыру жүлдесін алды.
Сыр саңылағын асқақтатқан Мүшәйрағаның жеңіпаздары мен жүлдегерлері аудандық Мәдениет үйінің грамоталары мен қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Ерғали АБДУЛЛА  
24 ақпан 2025 ж. 26 0