Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Телефонмен жеткен жыр-жауһар

Телефонмен жеткен жыр-жауһар

Әрлі әдебиет пен парасатты поэзия – адамзаттың өмір өзегіне айналғалы қашан. Неше ықылым заман өтті. Өрнекті өлең-жыр әр адамның жан жүрегіне жетіп, өмірге де¬ген құлшынысын үдетіп келеді. Кейде күнделікті қарабайыр тірліктен гөрі әсемдік әлемін әспеттейтін ақындар жүрегінен ту¬ған әдемілік әлеміне еніп, дараланып қош¬уақ өмір сүріп жатамыз. Қанасынан асқан қуаныштарымыздың, көңілді шақтары-мыз¬дың айнымас барометрі секілді бұл – поэзия! Жаңа, тың дүние туса, соны қоярға жер таппағандай тез бөлісуге, көңіл тоғайтқан өлеңіне аз-маз мақтау естуге ақындар бей¬ім тұрады. Өйткені осындай бір сәттер – олардың ең бақытты, жақұтты мезеттері. Қайбір күні түс әлетінде көшеде келе жатсам, телефон шырылдады. Қарасам, Оңталап Нұрмаханов екен. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын. Әр¬түрлі жанрдағы бірнеше кітаптың авторы. Ән болып әммеге танылған тамаша мәтін сөздері бар. Оны қойғанда, театр өнерінің мэтрі атанған сахна саңлағы. Қызылорда¬дағы қазіргі «Жастар» театрының негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы әм¬бебап өнерпаз. Айдынды Аралдан қа¬наттанған, енді осы өңірдің мақтанышына айналып жүрген жерлесіміз.
– Өлең жаздым, тыңдайсың ба? – деген Оңталаптың дауысы жарқын шықты.
– Өлең дегенде жан бар ма, тыңдайық,– дедім мен. –Тақырыбы қандай?
– Толыбайға арналған... Бүгін театрға кел¬сем, қыз-жігіттерім өздері дайындалып жатыр екен. Қолым бос болған соң, каби¬нетіме барып отыра беріп ем: «О, Толы¬бай!» деген тіркес құйылып кеп көкейіме келіп тірелді де қалды. Сол бір ауыз сөз менің қолыма дереу қалам алдырды. Іле өлең шумақтары да нөсерлеткен жауындай боп төгіле қалды,– деді Оңталап құрдасым ерекше қуанышты үнмен.
Оның шабытты сәтте, шалқыған көңіл-күйде тұрғанын сездім. Ақындардың осын¬дай бір шалқымалы шақтары болады. Дау¬сы да жарқырап, Аралға емес, алыс ғарыш¬қа хабарласқандай айдынданып шығып, ас¬¬қақтап аспан мен жердің арасын толты¬рып тастайтындай боп тұр. Айтып тұрға¬ны – ақ¬иық ақын Толыбай Абылаев екені бесе¬неден белгілі. Алдымыздағы асқар тау аға¬мыз. Есімі еліміздің өлеңсүйер оқыр-ман¬дарына таныс. Ондаған кітап шығар¬ған.
– Мен Толыбайдың өлеңдерінен бір поэтикалық спектакль дайындағым келген. Содан да Толыбай ойымнан шық¬пай жүр. Оның керемет махаббат лирикасы бар екенін білесің. Бір реті келмей-ақ қой¬ды. Өзіне бір қойылымға жарамды дүние¬ні жүйелеп жазып берсеңізші деп те өтін¬іш айтқанмын. Оның да мойны жар бер¬меді. Енді міне, таңертеңнен бері «О, Тол¬ыбай!» деген сөз көкейімнен кетпей қой¬ды. Отыра қап жаза бастадым...
– Мынауың жақсы екен...– деп мен де қоштап жатырмын. Өйткені Төкеңнің артынан ерген ақын інілерінің ағаға деген құрметі алабөтен екенін білемін.
– Оқиын ба? –деп Оңталап қайта сұра¬ды.
– Ал тыңдайық... – дедім мен.
Оңталап бұл кезде мына кең дүниеде өзгеден бөлініп, жалғыз отырғандай бар дауысымен саңқылдап, ырғағы мен сазын келістіре дүбірлетіп оқи жөнелді. Қанша айтқанмен салтанатты сахнаның, сан иір-імді сөз өнерінің әбден төселген мастері ғой, көз алдыма Төкеңнің барша болмыс-бітімі, жайсаң жаратылысы, алабөтен ақындық әлемі келіп тұра қалғандай болды.
– О,Толыбай!
Тұран ақын,
Төр ақын,
Жер-аспанның
Жүрегі боп соғатын.
Теңізінен,
Негізінен айнымас,
Жаны идірген
Жырдың жеті қабатын.
О, Толыбай!
Теңіз ұлы, рухты,
Кемел тұлға,
өмір кейіп, қылықты.
Кенеріңе симай
кейде сенделдің,
Қасиетіңді
күн мойындап,
түн ұқты.

Мөлдіреген
Мір сөзіңе талдандың,
Жақтырмадың
жылтырағын жалғанның.
Арқа қақса -
жыр мінгізіп жібердің,
Арғы атасы
Сендей болар аңғалдың.

Сені біреу бүлдіргі,
Бірбет дейді,
Олар бірақ
Сендей азап шекпейді.
Жылымыңнан
тән сыралғы алады,
Құзырыңнан
өлмес өлең көктейді.
Көне Бөген -
кіндік кескен бесік-бақ,
Ыққан жөргек
жағалаудан қашықтап.
Толқын-тағдыр
ақ кемеге айналды,
Ертегі өмір
енді қайда асықпақ?..
Жасындай жарқ-жарқ еткен Оңталап¬тың дауысы шарықтап барып, сұраулы леп¬пен аяқталды. Қара сөздің қаймағын қал¬қып, көркем, тірі бейнеге айналдырып жүр¬ген режиссер емес пе, жан бітіргендей көз алдыма әкелді. Басқалардың өлеңдерінің тармақтары он бір буынға созылып аяқта¬лса, Оңқаңның пафосты өлеңі әр буна¬ғы¬на үлкен мазмұн сыйдырып, кілт үзіліп, оқыған адамға ерекше әсер етеді екен.
– Өлеңім қандай екен?– деді Оңталап телефонның арғы жағынан.
– Өте жақсы. Төкеңе сый болуға жарай¬ды, – дедім мен. – Енді өлеңіңді Төкеңе жібересің бе, өзің оқып?
– Жоқ, сен жеткізе бер, – деді көңілі са¬басына түскендей болып.
Сөйтіп көшенің бір бұрышында құла¬ғыма тиіп, жүрегіме жеткен Аралдың қос ақынының адами сыйластығының, бір-бір¬іне деген ғажайып құрметінің айғағындай болып туған «Тағдыр-толқын» (Толыбай¬ға) деген өлеңін енді көп ұзатпай оқыр¬ман¬ға ұсынып отырған жайымыз осы.
19 шілде 2023 ж. 355 0