Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп тұрады?

Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалада, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.
Өңірлер бойынша статистика қандай?
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді: мұнда 1,2 млн әйел тұрады.
Екінші орында Түркістан облысы тұр, мұнда 1 млн әйел тұрады.
Үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр.
Кейінгі он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.
Айта кетейік, Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас. Сонымен қатар, бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі cалада жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай