Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегіңіздің иесін іздеп жүрсіз бе? Онда осы өңірлерге барыңыз

Жүрегіңіздің иесін іздеп жүрсіз бе? Онда осы өңірлерге барыңыз

Қазақстанның қай аумағында қалыңдық пен күйеужігіт көп екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы әйелдердің саны 566,5 мың. Ер адамдардан әлде қайда басым. Еңбек ресурстарын әлеуметтік дамыту орталығының мамандары қай жерде қалыңдық пен күйеужігіт табуға мүмкіндіктің көп болатыны туралы айтып берді.  
Статистика комитетінің ақпараты бойынша 1шілдеде Қазақстанда 18 миллион 608 мың 942 адам бар екені анықталды. Олардың ішінде 8 миллион 970 мың 681 ер, 9 миллион 537 мың 261 әйел екені белгілі болды. Еліміздегі нәзік жандылардың саны еркектерден 566 580 адамға немесе 6,3% көп. 
"17 облыстағы әйелдердің санының басым болуы, тек екі жағдайда ерлердің саны жалпы санның жартысынан сәл ғана асады - бұл Түркістан облысы, онда әр мың адамға шаққанда 507 ер адам, ал Қызылорда облысында - мың адамға 502 ер адам келеді. Ең «әйел» көп аймақ Алматы болып табылады. Әр мың адамға шаққанда 542 әйел, сондай-ақ Павлодар (526 әйел) және Қостанай (525 әйел) облыстарында әйел саны басым", - деді Орталық даму және сауда орталығының адам ресурстарын болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Өмірлік серігін таба алмаған ер адамдарға қай жерге бару керек?
Бірінші кезекте Алматының Алатау ауданына бару керек. Ол жерде мың адамға 597 әйел, яғни 100 еркекке 148 әйел. Ағымдағы жылы ауданда 215,8 мың адам тұрса, олардың 87 мыңы ғана ер кісі болған.
Нәзік жандылардың шоғырланған келесі аймағы Қарағанды облысының Долинка ауданы. Ол жерде 1993 ер адам мен 2833 әйел бар. Демек, 100 ерекекке 142 әйел. 
Ал Алматыдағы Өтеген батыр ауылында бұл көрсеткіш үш есе жоғары. 14,4 мың адамның 57%-ы әйелдер. Ал 2 017 қыз өмірлік серігінсіз қалуы мүмкін. 
Жұбымен қыстың суық күндерін бірге өткізгісі келетін адамдар үшін Қостай немесе Пертопавл қалаларын қарастырған жөн. Ол жерде 100 ер адамға 122 әйел қарастырылған. Ер адамдардың саны 24,4 және 21,5 мыңға аз.
Бақытыңды тапқың келсе, Қарағанды облысындағы Қазыбекби ауданы да қолайлы нұсқа. Өйткені бұл елді мекенде мың адамға 549 әйел. 
Бұл тізімде жетінші орынды Алматыдағы Медеу ауданы алады. 211,2 мың адамның 54,8%-ы нәзік жандылар. Яғни, 100 еркекке 121 әйел.
Сегізінші және тоғызынды орындарға Өскемен мен Павлодар қалалары табан тіреген. Бұл мекендерде әйел адамдардың саны 31,7 мыңға басым түскен. Ең соңғы болып Алматы қалалық Бостандық ауданы тіркелген. Бұл жерде 10 ер кісіге 12 әйелден. 
Бірақ бұл жігіттер аз деген сөз емес. Мәселен Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында 6536 ер адамға 4 974 әйел қарастырылған. Басқаша айтқанда 100 әйелге 127 ер кісі. 
Сонымен қатар нәзік жандылардың жылулығы Жаңаөзен қаласына да жетіңкіремейді. Өйткені 81 мың адамның 45,7%-ы әйелдер. Сонда 7 028 ер адам шаңырақ құра алмайды. 
"Түркістан облысында басқа да нұсқалар бар. Мысалы, Жетісай қаласында жүз ер адамға 88 нәзік жан.172 мың адам тұратын Жетісай өңірінде әйелдердің үлесі бар болғаны 48,2% құрайды", - деді Шумеков.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірін назардан тыс қалдырмағаныңыз жөн, онда әйелдердің үлесі 47,9%.
Айта кету керек, өмірлік серіктерін іздеуде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауылына барар алдында мұқият ойластыру керек, мұнда ерлер мен әйелдердің саны бірдей - әрқайсысы 4377 адам, сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы Тимирязев ауылы, олардың саны да тең 2 137 адамды құрайды.

https://stan.kz/kazakstannin-kay-aumaginda-kalindik-pen-kuyeuzhigit-kop-321068/ 

23 тамыз 2019 ж. 592 0