Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай уақыт белдеуі халықтың өміріне теріс әсері жоқ – министр

Бірыңғай уақыт белдеуі халықтың өміріне теріс әсері жоқ – министр

Фото: Үкіметтің телеграм арнасынан
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына нақты әсеріне жүргізілген мониторинг нәтижесін айтып берді. Сарапшылар қауымдастығын тарта отырып біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың денсаулығына, энергия тұтынуына және еңбек өнімділігіне практикалық әсеріне мониторинг жүргізілген. Зерттеу әдістемесі уақыт белдеуін енгізудің әсерін бағалау үшін 40-тан астам көрсеткішті қамтыды.
«Еңбек қызметі орындалған жұмыс көлемін, кешігу және жұмысқа келмеуін, жарақаттар мен тәртіпті бұзу жағдайын қамтиды. Нәтижелер біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың өмірлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті», – деді Арман Шаққалиев.


Ақпарат көзі: ​syrboyi.kz​​​
11 наурыз 2025 ж. 88 0