Үйлеріне қараңғыда қайтатын оқушылардың оқу уақытын өзгертуге болады – Оқу-ағарту министрлігі
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін үйлеріне қараңғыда қайтуға мәжбүр оқушылардың оқу уақытын әкімдіктер өзгерте алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты шағымдарына шешім ұсынды.
“Сабақтың басталу уақыты заңмен белгіленбеген және оқу-ағарту министрлігі оны шешпейді. Оны жергілікті атқарушы орган белгілейді. Нақты өкілеттіктер нормативтік құқықтық актілерде белгіленген”, – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
Шенеунік оқу-ағарту министрлігі сағат тілін өзгертудің қазақстандықтардың денсаулығына әсері туралы зерттеуге қатыспай отырғанын хабарлады. Сөзінше, бұл өзгерістердің оқу үдерісіне қалай әсер еткені туралы өзінше талдау жасап жатыр.
Таңғы 7-де басталсын: Алматы тұрғыны әкімнен жұмыс уақытын өзгертуді сұрап, петиция жариялады
Бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп үкіметті сотқа берген заңгер істе жеңіліп қалды
Вице-министр биыл оқу жылы аяқталғаннан кейін нәтижелерді бөлісуге уәде берді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі бастаған зерттеуге қатысты ғалымдардың нақты үкімі қашан жарияланатыны әлі белгісіз. Естеріңізге сала кетейін, депутаттар бұл жұмысты келесі жылдың наурызына дейін аяқтауды талап еткен.
“Ғалымдар тобы жиналып, ғылыми зерттеулердің жиынтығы мен көлемін анықтаған кезде ғылыми зерттеудің қашан аяқталатыны белгілі болады. Олар алдын ала қорытынды жасамайынша, нақты бірдеңе туралы айту маған қиын”, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.
Сурет: stan.kz