Соңғы қоңырау қашан соғылады?

«Әрбір мектеп соңғы қоңырауды өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Айта кететін мәселе, Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау рәсімін өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі бар дәстүрлерін қолдайды. Дегенмен, министрліктің нормативтік құжаттарында бұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін еске салғым келеді. Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі 1 маусым күні балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды», деді Шолпан Танатқызы.