Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Биыл ел мектептеріндегі соңғы қоңырау 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні өтетін болды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.
«Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады. Ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі», – деді Г.Кәрімова.

"Толқын" ақпарат

Фото: qazaqstan.tv
23 қаңтар 2023 ж. 720 0