Ұлыстың-Ұлы күні

Күн төбеден себеді күміс нұрын.
Сенің қымбат қазағым салт-дәстүрің,
Сенің қымбат қашанда Тыныштығың.
Бүгін халқым көрісіп,қауышасың,
Жаңа Күн-Жаңа жылмен танысасың.
Әқ әжелер пісірген құт қазанға,
Көзе толы көжені тауысасың.
Салт-дәстүрің жаңғырар тағы бүгін,
Өткендерге жасалар тағызымың.
Ақсақалдар берген соң ақ батасын,
Ұрпақтарды ұйытар
тағылымың.
Ақ домбыра төгілтіп күй нөсерін,
Жаратқанға жасалар сый неше мың.
Сағынышқа малтытам жүрегімді,
Менде Анамның иіскеп кимешегін
Халқымның бос қайнамай қазандары,
Ақынның оқылар күн ғазалдары.
Өкпе қалса,ретсіз ренішпен,
Бұл көңілдің кіршіксіз тазарғаны.
Осы ғой Жаратқанның ұлылығы,
Жүректерге жол тартсын Қыдыр үні.
Қарашығым, Қазағым,қалың елім,
Құтты болсын,Ұлыстың-Ұлы күні!
О.Базаралы
14.03.2025ж
Фото: Нұрболат Нұржаубай