Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 19 наурызға арналған ел аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылып тұрады, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейеді, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, - делінген синоптиктердің болжамында.
Фото: Нұрболат Нұржаубай










