Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау бекеті ашылды

Партиялық бақылау бекеті ашылды

Партиялық бақылау комиссиясы Сексеуіл кентінде жүргізіліп жатқан 300 орындық Жайлы мектептің құрлысын мерзімінде пайдалануға берілуін, құрылыс сапасын бақылау мақсатында партиялық бекет ашылып, жұмысын бастады.
Партиялық бақылау комиссиясының бірқатар мүшелері құрылыс алаңында болып, нысандардағы жүргізіліп жатқан жұмыс барысын көзбен көріп, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Өз кезегінде мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы орындау мен техникалық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды. Мемлекет қаржысын тиімді игеріп және халыққа ұзақ уақыт қалтқысыз қызмет ету үшін сапалы құрылыс болуы керектігін айта келе, Ұлттық жобаны жүзеге асыру міндеті жүктелген азаматтарға маңызды әрі жауапкершілігі зор жұмыстар берілгенін тілге тиек етті.
#AMANAT
#КПК
#МОНИТОРИНГAMANAT
20 наурыз 2025 ж. 38 0