Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Бүгін, 28 наурызда, еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикамыздың шығысында, оңтүстік шығысында, орталығында жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл өңірінде солтүстік-шығыстан соққан дауылды жел 30 м/с жылдамдықпен ұйтқып, кей сәттерде одан да қатты үдей түсуі мүмкін. Ал оңтүстік пен батыста тұман түсіп, көру мүмкіндігін шектемек.

Астанада күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +7,+9°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6+8°C, желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні 15 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +10+12°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
28 наурыз 2025 ж. 91 0