Рамазан айы
Дұға қылсаң, үйіп-төгіп береді.
Қол қайтармай қабыл болар осы сәт,
Жыл айналып, Рамазан айы келеді.
Көңіл шалқып, қуанышқа толады,
Қатыгездіктің қара гүлі солады.
Бір Алладан тілеңіздер күн-түні,
Осы айда бір жақсылық болады.
Әнші салар жарапазан әніне,
Бақыт тілеп, жасың менен кәріңе.
Жеңілдіктер болар сенің жаныңа,
Жеңілдіктер болар сенің тәніңе.
Өкпе-наздың бәрі кетер жойылып,
Ақ тілектер айтылады ойы анық.
Ауызашар беріледі әр үйде,
Ет асылып, құрбандық қой сойылып.
Осы айды асыға күткен барша жан,
Жаңарады осы айда барша маң.
Аман-есен жетейікші осы айға,
Бар айлардың үлесі ғой Рамазан.
Б.ҚОЖЕКЕНОВ