Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қасиетті үш айға кірдік

Қасиетті үш айға кірдік

 alashainasy.kz Қасиетті үш айға кіріп жатырмыз. Режеп, Шағбан, Рамазан.Ақпан айының 25- сі Режеп айының бірінші күні. Бұл ай Алла Тағаланың айы . Бұл айға Оразамен кірген абзал. Режеп айының 1- ші күні Ораза ұстағанға 3 жылдық ...
2- ші күні Ораза ұстағанға 2 жылдық ...
3- ші күні Ораза ұстағанға 1 жылдық нәпіл Ораза сауабы беріледі...
Ал , қалған күндері Ораза ұстағандарға әр күні үшін 1 айлық Ораза сауабы бар ...
Хадис шарифте айтылғандай , бұл ай Алла Тағаланың айы болуы себебімен ...
Алланың заты жайында айтылатын Ихлас сүресін көп оқыған абзал ...
Бұл айда екі қасиетті түн бар :
1) бірінші жұма түні болған " Рағайып түні "
2) 21- ші түні болған "Миғраж түні"1. Ережепте ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді.
2. Ережептің басында, ортасында, аяғында аузын бекіткен жан, бір ай ораза ұстағандай сауап алады.
3. Ережеп айында біреудің мұқтажын өтеген жанға, Алла тағала Фирдаус жәннатынан сарай тұрғызады.
4. Бұл айда өзгеге сый-құрмет көрсеткен, Алланың сый-құрметіне ие болады.
5. Осы айда бір күн ораза ұстаған жан жәннаттағы балдан тәтті, сүттен ақ Ережеп атты өзеннен сусындайды.
6.Ережепте құлшылық еткен жан, қабір азабынан құтылады.
7. Ережептің алғашқы түнінде дұғалар сөзсіз қабыл болады.
8. Бұл айда істелген сауап пен күнә 70 есе өседі.
9. Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді.
10. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады.
11. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ахирет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады.
12. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар.
13. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады.
14. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі.
15. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал, егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі.
Ережеп айы кіргенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Я, Аллам! Ережеп пен Шағбанның берекесін беріп, Рамазан айына қауыштыра гөр!" деп тілейді екен. Біздікі де сол дұға. Рамазан, сені сағындық!!! Саған аман жеткіміз келеді! Сенің жақындаған дүбіріңді сезіп, жете алмай қалғандарға нендей өкініш! Саған жете тұра ораза ұстамағандарға қандай өкініш! Я, Алла! Бізді Рамазанға жеткізіп, ораза ұстауымызды, сол арқылы кешірілуімізді нәсіп ет!!!



04 ақпан 2020 ж. 2 227 0