Жүргізуші көлікті тоқтату туралы полиция талабын орындамаған

Сотта анықталғандай, Н. ағымдағы жылдың 18 наурызы күні, «Mercedes Benz» маркалы көлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің қызыл көк маяк жағып, тоқтату белгісі мен дауыс күшейткішпен көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай, қозғалысты жалғастырған.
Cотта көлік жүргізушісі өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінішін білдірген.
Сот қаулысымен Н. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 110 096 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай