Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

Сотта анықталғандай, Б. ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні көлік құралымен, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 103 376 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты