Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж. ағымдағы жылдың 30 қазан күні көлік құралымен, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Ж. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 96 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты
06 қараша 2023 ж. 318 0