Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбідегі тазалық жұмыстары серпінді

Сенбідегі тазалық жұмыстары серпінді

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары бүгін аудан көлемінде жоғары деңгейде өткізілді.
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қаладағы сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарды сектор бөлінісіне сәйкес аралап, кейбір құрлыс нысандарының аумағында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына куә болды. Қаладағы қайта жөндеуден өткен Қамқорлық оңалту орталығы ғимаратының ауласына егіліп жатқан жеміс ағаштарын көріп, мекеме басшылығына жұмысты аяқсыз қалдырмай, қолға алған істен нәтиже шығару керектігін жеткізді. Қала аумағында тазалық жұмыстарын әлі де күшейту керектігін айтып, жауапты тұлғаларға ескерту жасады.
Бүгінгі сенбілік жұмыстарында туған өлкенің тазалығы мен көркейуіне атсалысқан барлық мекеме қызметкерлері өз аулалары мен белгіленген аймақтар бойынша тазылық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сондай-ақ орталық көшелердегі бордюрлер мен қоғамдық орындардың қоршауларын әктеу, сырлау және топырақтан тазалау жұмыстары бойынша да ауқымды шаралар өз жалғасын тапты.
Қаладағы орталық көшелер мен Жарбол қорымының маңайы, ескі аурухана айналасы жайлы мектептің маңайы, Рәміздер алаңы және Керуен сарайының артқы аймақтары қоқыстардан тазартылып, арнайы техниканың көмегімен карерлер тегістелді.
Сенбідегі серпінді жұмыстарға аудан көлемінде табиғатты қорғау шаралары қарқынды жалғасып, тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс алаңдарына төгілді. Осылайша азаматтардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың үлгісі болған тазалық шаралары аудан аумағында кең көлемде қолға алынды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі
12 сәуір 2025 ж. 63 0