Акция аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда

Сенбілік аясында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ретсіз өскен өсімдіктер мен күл-қоқыстар арнайы техниканың көмегімен қала аумағынан шығарылды.
Қазіргі таңда аудан орталығының шеткі көшелері мен сырт аймақтарына тазалық жұмыстары ұдайы жүргізілгендігіне қарамастан, белігеленбеген жерлерге қоқыс тастау фактілері тиылмай тұр.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті екенін естен шығармайық!



"Толқын" ақпарат