Сенбілік өтті

208 мекемеден 2131 адам, 40-тан аса техника жұмылдырылды.
Сенбілік аясында аудандағы аллеялар мен скверлерді абаттандыру, автожол бойлары мен ауылішілік көшелер күл-қоқыстардан тазартылып, мекеме ғимараттарына әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудан бойынша арнайы қоқыс полигондарына
120 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті.



"Толқын" ақпарат