Көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілді

Аудан орталығында өткен кезекті сенбілікке тұрғындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері атсалысып, бірнеше ауыр техникалар тартылды.
Тұрғындар кезекті сенбілік барысында автожол жиектерін, темір жолы маңы мен қоғамдық орындардарды, мәдени ескерткіштер мен демалыс орындарын, қалаға кіре беріс аймақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті.

