Сенбілік жұмысы жүргізілді

Айта кетейік, сенбілік жұмыстары кент және ауылдық округтерде де өтуде. Елді-мекендердегі ішкі көшелер мен сыртқы жолдар тазартылып, күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті.
