Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілікте қалаға кіре беріс аймақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтары тиісті орындарға шығарып, темір жол вокзалы мен орталық базар аймағы, қоғамдық орындар мен жол бойындағы ретсіз тасталған күл қоқыстар тазаланды.
Атап өту қажет, апта сайын өткізіліп келе жатқан сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталып келеді. Себебі, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте барша аудан тұрғындарын ортақ мекенімізді таза ұстауға, ажарын аша түсуде жанашырлық танытып, осындай тазалық жұмыстарына үн қосуға шақырамыз.



"Толқын" ақпарат