1975 жылдан кейін туған қазақстандықтар үшін зейнетақы қалай өзгереді

Мысалы, 2024 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мөлшерлемесі 1,5% болса, 2025 жылы – 2,5%. Алдағы уақытта бұл мөлшерлеме 2028 жылға дейін 5%-ға жетеді.
Айта кетейік, жұмыс берушілердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударуы қызметкерлерді зейнет жасында өмір бойы төленетін қосымша жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шара қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған, өйткені олардың зейнетақысының мөлшері тікелей өздерінің зейнетақы жарналарына байланысты болады.
"Олардың зейнетақысы үш компоненттен тұрады: мемлекеттік базалық зейнетақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өздерінің аударымдары есебінен жинақтаушы зейнетақы және жұмыс берушілердің жарналары есебінен шартты-жинақтаушы зейнетақы", – деп хабарлады министрлік.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тек 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығындары Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерім ретінде қарастырылады. Тиісінше, жұмыс берушіге түсетін жүктеме қолайлы деңгейде қалады.
Ақпарат көзі: stan.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай