Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда сенбілік жұмыстары қарқынды қолға алынды

Ауданда сенбілік жұмыстары қарқынды қолға алынды

Кеше Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары жасалды. Тазалық жұмыстары ауданға қарасты қала, кент, ауылдық окрутерде де жүйелі түрде жалғасын тапты.   
 Аудан орталығында өткен кезекті сенбілікке қала бойынша түрлі мекеме қызметкерлері аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тазалық шарасына қатысушылар арнайы бекітілген 8 сектор бойынша санитарлық-тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілік аясында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әкетеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ретсіз өскен өсімдіктерден тазаланып, күл-қоқыстар арнайы техниканың көмегімен қала аумағынан шығарылды.
Қазіргі таңда аудан орталығының шеткі көшелері мен сырт аймақтарына тазалық жұмыстары ұдайы жүргізілгендігіне қарамастан, белігеленбеген жерлерге қоқыс тастау фактілері тиылмай тұр. Осы ретте белгіленбеген аймаққа қоқыс тастау дерегі анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғаға салынатын айппыл көлемі де артқанын айта кеткен жөн.
«Сырт көз сыншы» деген. Ауданымыз тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан қалаға келім-кетім қонақтардың саны көп. Өзгелдердің көзімен сыни пікірге қалмас үшін тазалық талаптарын мейілінше сақтаған абзал. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті екенін естен шығармайық!
"Толқын" ақпарат 
20 сәуір 2025 ж. 112 0