Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық жұмыстарына аралдықтар атсалысты

Тазалық жұмыстарына аралдықтар атсалысты

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде сенбілік жұмыстары жүріп, аталған тазалық жұмыстарына аралдықтар бір ауыздан үлес қосты.
Тазалық акциясы ауданға қарасты қала, кент, ауылдық окрутерде де жүйелі жалғасты.
Қала аумағында сенбілік 8 сектор бойынша жүріп, оған түрлі мекеме қызметкерлері мен белсенді азаматтар тартылып, күл-қоқыстар жиналған карерлер арнайы техниканың көмегімен көмілді.
Сенбілік аясында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әкетеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ретсіз тасталған қоқыстар тазаланып, арнайы техниканың көмегімен қала аумағынан шығарылды.
Қазіргі таңда аудан орталығының шеткі көшелері мен сырт аймақтарына тазалық жұмыстары ұдайы жүргізілгендігіне қарамастан, белігеленбеген жерлерге қоқыс тастау фактілері тиылмай тұр. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында қоқыс жиі тасталатын аймақтар мен қаланың басты көшелеріне арнайы камералар қойылды. Алдағы уақытта учаскелік полиция инспекторлары да бұл бағытта күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз.  Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті екенін естен шығармайық!
"Толқын" ақпарат
29 наурыз 2025 ж. 72 0